Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында үйде заңсыз алкоголь сатқан тұрғын анықталды

Павлодар облысында үйде заңсыз алкоголь сатқан тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Успен ауданының полицейлері әрдайым күзетте күні-түні құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалайды және заңдылықтың бұзылмауын бақылайды.

Бірнеше күн бұрын кешкісін, тұрақты патрульдеу барысында ауданның ауылдарының бірінде полиция қызметкерлері қолында бір бөтелке алкоголь алып жүрген ер адамды байқады. Қызметкерлер ер адамға жақындап, тауарды қайдан сатып алғанын сұрады, өйткені ол уақытта жергілікті дүкендер жабық болған. Жасыратыны жоқ, ауыл тұрғыны көршісінен алкоголь сатып алды деп жауап берді. Сондай-ақ, өтіп бара жатқан адам мекенжайды айтты, оған сәйкес тәртіп сақшылары ауыл тұрғынының үйден алкогольді арзан бағамен сатқанына көз жеткізді. Бұл ретте, ешқандай рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.

Ауыл тұрғынына қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Успен аудандық сотының шығарған шешіміне сәйкес, кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз не рұқсатсыз айналысқаны үшін ер адамға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру