Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ұйымдастырылған қысқы чемпионатта полиция қызметкерлері жеңіске жетті

Павлодар облысында ұйымдастырылған қысқы чемпионатта полиция қызметкерлері жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Усолка шаңғы базасында әуесқойлар мен спорт ардагерлері арасында қысқы кросс бойынша облыстың қысқы чемпионаты өтті. Оған Павлодар облысы ПД қызметкерлері – Шакуов Қанат, Сүйімбаев Нұрлан және Абдраманова Әсел қатысты.

Алты шақырым қашықтықта Шәкуов Қанат алтын медаль жеңіп алды. Тұғырдың ең биік сатысына көтерілу үшін Қанат Шакуов өзінің ерік-жігері мен табандылығын көрсетті. Өйткені бұл қасиеттер мен жақсы дайындық деңгейінсіз қашықтықты еңсеру өте қиын.

Сүйімбаев Нұрлан мен Абдраманова Әсел күміс медаль жеңіп алды.

– Чемпионат ұйымдастырушыларына өткізілген турнир үшін алғыс айтқым келеді, ауа райы өте керемет болды. Спорт маған бәрін береді: оптимистік көзқарас, ерік-жігер, денсаулық, рахат және адреналин. Спорт мен үшін өмір салты. Онсыз мен өз өмірімді елестете алмаймын, – деді Қанат Шакуов.

Спорттық жеңістер-күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі және әріптестерімізді құттықтай отырып, оларға сарқылмас қуат пен жаңа жеңістер тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру