Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер бірнеше алаяқтық фактісіне қатысы бар жас жігітті анықтады

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып беремін деп уәде еткен алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне Достық ауылының екі тұрғыны шағым түсірген. Жәбірленушілер өз арыздарында кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп сендірген танысына алданғанын жеткізді. Алаяқтың сөзіне сенген тұрғындар, оған 620 мың теңге берген. Алдау жолымен ауыл тұрғындарының ақшасын алып, уәдесін орындамаған күдіктіні ұстау мақсатында мақтааралдық полицейлер іске кірісті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде жас жігіт ұсталды. Анықталғандай, күдікті таныстарына мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп жалған уәде берген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру