Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында зейнеткерлер алаяқтардың құрбаны болды

Павлодар облысында зейнеткерлер алаяқтардың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда Екібастұз қаласында 62 жастағы зейнеткердің телефонына бір қыз қоңырау шалған. Банк қызметкері болып көрінген ол зейнеткерлердің атына ақшалай несие бергісі келетінін түсіндіріп, оны бірден ҰҚК қызметкерімен байланыстырды. Өз кезегінде, қызметкер шұғыл түрде банкке келіп, оның қоңырауын күтуді ұсынды, бұл туралы ешкімге айтпауды өтінді. Зейнеткер банкке келгенде, ҰҚК жалған қызметкері алаяқтарды анықтау үшін несие рәсімдеу керек деді. Қорыққан зейнеткер барлық шарттарға келісіп, 2,3 млн теңге сомасына ақшалай несие ресімдеп, аталған шотты терминал арқылы толықтырды.

Бұған тоқталмай, келесі күні жалған қызметкер жәбірленушінің телефонына қайта қоңырау шалып, әңгіме барысында басқа банктегі барлық қолма-қол ақшаны аударуды сұрады. Жұбайымен бірге зейнеткер олардың шотына 7 млн 270 мың теңге сомасында өз жинақтарын аударып, кейіннен, жалған қызметкерлер зейнеткерлерді күтпеген жағдайларды болдырмау үшін белгілі бір манипуляциялар жасау керек деп сендірді.

Зейнеткердің жұбайы жеке куәлігінің көшірмесін жіберді, содан кейін телефонына түскен барлық SMS растамаларын, кодтарын жіберді. Кейін, жалған қызметкер олардың несиесі таңертең өтелетінін хабарлады. Кейіннен зейнеткерлерге белгісіз адам қоңырау шалып, алаяқтар ұсталды және тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізген. Сонда ғана зейнеткерлер алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді.

Қазір полиция осы алаяқтыққа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру