Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті

Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 мамыр сағат 18:00-де Қалқаман –Майқайың автожолының 42 шақырымында BMW-528 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі көлігінің кюветке аударылып түсуіне жол берді.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды. Тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру