Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер анықталды

Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Набережное ауылын патрульдеу кезінде полиция ВАЗ-2106 автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды. Осы заң бұзушылық үшін жүргізуші жазаланып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

– Мичурино ауылында учаскелік инспектор мас күйінде Volkswagen Golf көлік құралын жүргізген ауыл тұрғынын тоқтатты. Медициналық куәландыру мас болудың орташа дәрежесін растады. Мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші жазаланды. Сот шешімі бойынша жүргізуші 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, жеті жылға басқару құқығынан айырылды, – деді Әлібек Биканов Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары.

Полиция 5-29 ақпан аралығында облыс аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салады, оның аясында жол қозғалысын қадағалау күшейтілді. Тәртіп сақшылары облыстық және Республикалық маңызы бар автожолдарда, сондай-ақ негізгі міндеті жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу болып табылатын елді мекендерде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру