Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері 4,1 мың тұрғын қоғамдық орында мас күйде жүрген

Павлодар облысында жыл басынан бері 4,1 мың тұрғын қоғамдық орында мас күйде жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 маусымда түнгі уақытта Павлодар қаласының көшесін патрульдеу кезінде батальон полицейлері Қатаев көшесінде ішімдік ішкен жастарды байқады.

– Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сол кеште Иса Байзақов көшесінде тәртіп сақшылары спирттік ішімдік ішкен қызды ұстады. Жастармен бірге ол түнгі клубқа бет алған. Бірақ, оның айтуынша, клубқа жетпей, ішімдік ішкен. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабын бұзғаны үшін қала тұрғыны да жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, өңір аумағында  жылдың өткен кезеңінде 4100 азамат спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген. Полиция мұндай әрекеттер әртүрлі оқиғаларға, алкогольдің әсерінен құқық бұзушылық жасауға әкелетінін ескертуде. Сондықтан бұған жол бермеу үшін қоғамдық тәртіп пен заңнаманы қатаң сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру