Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖД-ның жас қызметкерлері ант қабылдады

ШҚО-да ҚАЖД-ның жас қызметкерлері ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде қылмыстық-атқару жүйесінің жас қызметкерлері мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Әнұран шырқап, ант қабылдады. 30-ға жуық жас маман салтанатты түрде мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында адал қызмет етуге, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ант беріп, алғашқы шендерін алды.

Жаңадан қабылданғандарды ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев құттықтады. Нағыз кәсіби маман болып, сенімін ақтауларына тілектестігін білдірді. Жас қызметкерлерді құттықтаған Ғ. Балтабаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күресу, ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау үшін антқа адал болып, қызметтік борышын адал атқару керектігін атап өтті.

– Бұл – Отанға деген сүйіспеншілікті жүрегінде сақтап, еліміздің негізгі заңында белгіленген қағидаларға берік екенін күнделікті еңбегімен дәлелдейтіндердің мерекесі. Ішкі істер органдары қызметкерінің міндеті – құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Отанымызға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – заманның кез келген қиындықтары мен сын-қатерлерін еңсеруге мүмкіндік береді. Әрқайсыңыз мемлекетіміздің одан әрі гүлденуі мен әл-ауқаты үшін бар күш-жігеріңізді салатыныңызға сенімдімін, – деді Ғалымжан Балтабаев.

– Ант беру – менің өмірімдегі өте маңызды сәт. Осындай атаулы күн маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ішкі істер органдарына қызметке келгенімді мақтан тұтамын. Бұл дегеніміз – басшылық пен азаматтардың үлкен сенімі. Үлкен жауапкершілікпен келе отырып, берілген тапсырмаларды орындауға тырысамын және де абыроймен қызмет етемін, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекеме қызметкері Іңкәр Сейітқамза.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру