Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері ауыл шаруашылығы техникаларын тексерді

Павлодар облысының полицейлері ауыл шаруашылығы техникаларын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында шөп жинау және үй жануарларға азық дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі, жазғы, күзгі ауа райы, ауыл шаруашылығы техникасы мен жанар-жағармай материалдарының көп мөлшері өрт қаупін туғызуы мүмкін.

Шөпті жинау және сақтау кезінде жалпы қауіпсіздік ережелерімен қатар басқа да талаптар орындалуы керек. Жұмысты бастамас бұрын фермерлер қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтіп, ауыл шаруашылығы техникасын толық техникалық тексеруден өткізуі керек.

Бүгінде Павлодар облысында барлығы 100 ауыл шаруашылығы техникасы тексерілді.

– Май ауданы полиция бөлімінің полицейлері кәсіпкерлік бөлімінің өкілдерімен бірлесіп шабындық алқаптарда рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында ауыл шаруашылық техникасының жай-күйін тексеріп, көлік құралдарының жүргізушілерінде қажетті құжаттардың болуын қадағалады. Рейд барысында заң бұзушылықтар да анықталған, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов. 

Көктөбе ауылының тұрғыны көлікке тиісті құжаттарсыз шөп жинаған.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша хаттама жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру