Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны балық аулау ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Павлодар облысының тұрғыны балық аулау ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданының полицейлері заңсыз аң аулаудың 8 фактісін және балық аулау ережелерін бұзудың 3 фактісін анықтады. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс шара барысында полицейлер 43 жастағы ер адам тарапынан балық аулау ережелерін бұзу фактісін анықтады. Ертіс өзенінің жайылмасындағы ауыл тұрғыны тыйым салынған балық аулау құралдарының көмегімен балық аулаумен айналысқан. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 383-бабы 1-бөлігі бойынша 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Әңгіме барысында ауыл тұрғыны бұл бұзушылық үшін жауапкершілік туралы білмейтінін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру