Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері “мас күйінде жасалатын” қылмыстар туралы айтты

Павлодар полицейлері “мас күйінде жасалатын” қылмыстар туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Брифингте Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Қайрат Сатыбаев Павлодар облысында “мас күйінде жасалатын” қылмыстардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

“Тұрмыстық” құқық бұзушылықтардың негізгі себебі – алкогольді шамадан тыс тұтыну деп атап өтті спикер.

– Бүгінгі күні қабылданған алдын алу шараларының арқасында алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 10%-ға төмендегені байқалады, ағымдағы жылы 382 адам тіркелді. Қылмыстың осы түрінің алдын-алудағы тиімді шаралардың бірі – алкоголизммен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу. Осы жылы мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыруда психикалық, мінез-құлықтық ауытқулары бар (маскүнемдер, нашақорлар) 232 адам емделуге жіберілді, – деді Қайрат Сатыбаев.

Мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында алкоголь өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері алкогольге қарсы заңнаманың 207 бұзушылығы анықтады, оның ішінде: 137 алкоголь өнімін заңсыз сату фактісі, 40 тұрғын алкоголь өнімін тиісті лицензиясы жоқ үйлерінде сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды және полимер ыдыста алкоголь саудасының 4 фактісі анықталды. Барлық тәртіп бұзушыларға 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру