Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының сот ғимараттарында “жарылғыш зат” қойылды

Павлодар облысының сот ғимараттарында “жарылғыш зат” қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында сағат 14.53-те Павлодар облыстық сотының электрондық мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Осыған ұқсас хабарламалар Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтоғай, Май аудандары мен Аққулы ауданының соттарына да келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл ден қоюдың барлық күштері дереу келді. Сол жерде саперлер жұмыс істеді. Ғимаратқа тексеру жүргізілді. Барлығы 131 адам эвакуацияланды. Қажетті іс-шаралар өткізілді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру