Павлодар тұрғыны Ақмола облысында телефон ұрлығымен айналысқан
Павлодар тұрғыны Ақмола облысының аумағында телефон ұрлығымен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 шілдеде Қосшы қаласы полиция кезекші бөліміне жергілікті кәсіпкердің ұрлық жасалғаны туралы өтініші келіп түсті. Ер адам сол күні сағат 10.00-ден 11.00-ге дейінгі аралықта дүкеннің сауда үй-жайынан пластикалық кіру есігін қысып ашу арқылы 3 ұялы телефонды ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 290 мың теңгені құрады.
Жедел-тергеу тобының құрамында оқиға орнына полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының қызметкері шықты. Жедел уәкілдер мен криминалистер күдіктіні анықтады. Ол Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу барысында күдіктінің елдің басқа өңірлерінің аумағында ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталды.