Павлодар тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс айтты
Павлодар тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полициясына қала тұрғыны Людмила Полеенкодан алғыс келіп түсті.
Қала тұрғыны Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Нұрлан Алтаевқа және Алмас Жақыповқа алғысын білдірді. Олар шақыруға жедел түрде келіп, М.Жүсіп көшесіндегі үй тұрғындарының мәселесін шешуде өз кәсібиліктерін көрсеткен.
Қала тұрғыны көпқабатты үйдің тұрғындары көліктерін терезе астына қоя бастағанын айтып шағымданды.
– Аулада көлік иелері музыка тыңдап, көліктерін жөндеп, алаңда көлік майы мен жанар-жағармай тамшыларын қалдырады, – деп шағымданды.
Тұрғындардың ескертулерін елемеген. Сондықтан үй тұрғындары полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары дереу әрекет етті.
Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған сәйкес олар айыппұл төлеуі тиіс.
Людмила Михайловна қазір полиция қызметкерлерінің жұмысының арқасында олардың ауласында тыныштық орнағанын атап өтті.