Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 20-дан астам құқық бұзушылық жасаған жүргізуші айыппұл арқалады

Павлодарда 20-дан астам құқық бұзушылық жасаған жүргізуші айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 маусымда Павлодар полицейлері алдыңғы бүйір әйнектері күңгірттелген көлікті тоқтатты. Аталған құқық бұзушылық үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБК 590-бабы 10-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері жүргізушіде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жалпы сомасы 250 мың теңгеге 20-дан астам өтелмеген берешегі бар екенін анықтады.

Көлік айыппұл тұрағына түспеуі үшін автокөлік иесі айыппұлдарды мобильді банктік қосымша арқылы дереу төледі.

Аймақ полициясы құқық бұзушылар арасында жазалаудың бұлтартпастығы қағидатын сақтау және орындалмаған жаза үшін Павлодар облысында “Борышкер” акциясы өткізілгенін атап өтті. Акция барысында 20-30 маусым аралығында тәртіп сақшылары 26 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды, оны құқық бұзушылар бұрын төлемеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру