Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 5 мыңға жуық жаяу жүргінші жазаланды

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 5 мыңға жуық жаяу жүргінші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Бүгінгі күні жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін облыстың 5 000-ға жуық тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, Павлодар қаласында Қамзин көшесінде екі жас адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өтті, бірақ жақын жерде жаяу жүргіншілер өткелі орналасқан. Қала тұрғындары ҚР ӘҚБК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, жолды тәртіпсіз кесіп өту құқық бұзушылық статистикасындағы “көшбасшылардың” бірі. Жыл басынан бері 5 мыңға жуық жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру