Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар эко-ойыншықтар жасай бастады

ШҚО-да сотталғандар эко-ойыншықтар жасай бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында ОВ-156/14 қатаң режимдегі колонияда ақылы жұмыспен қамтылған сотталғандар эко-ойыншықтар жасай бастады.

Өндірістік цехында ақылы жұмыспен қамтылған сотталғандар экологиялық таза материалдан балаларға арналған ойыншықтар жасай бастады. Бұндай ойыншықтар өте пайдалы, өйткені олар толығымен гипоаллергенді, құрамында улы компоненттер жоқ, қолмен ұстағанға жағымды.

– Ағаш заттарға әрқашан сұранысқа бар және болады да. Бірақ эко-ойыншықтар жоғары бағаланады және пластикалық аналогтардан гөрі қымбат. Шын мәнінде, эко-ойыншықтар жасау идеясын Арслан (сотталушының аты. өзгертілген) ойлап тапқан еді, ол менің цехымда екінші жыл жұмыс істейді. Алғашқы ойыншықтар менің Instagram парақшамда сатылымға шығарылды. Біздің эко-ойыншықтарымыз оны алатын барлық балаларды қуантады деп ойлаймын, – жеке кәсіпкер Нұрбол Серікқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру