Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаудағы танысының пәтерінен мүлік ұрлаған ер адам ұсталды

Теміртаудағы танысының пәтерінен мүлік ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол өзінің пәтерінде бірнеше күн бойы 34 жастағы ер адамды паналағанын айтты. Бірнеше күн көңілшек әйелдің пәтерін паналаған ер адам, онымен қоштаспай, жоғалып кеткен. Онымен бірге әйелдің мүліктері – электр ет тартқышы, электр сыққыш, бейнетіркегіш жоғалып кеткен. Жалпы шығын сомасы 170 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті жасырынып қалып, оған іздеу жарияланды.

Үш аптадан кейін жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол ұрланған мүлікті белгілі бір адамдарға сатқанын түсіндіріп, мойындады. Ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді.

Теміртауда тұратын 35 жастағы әйел де осындай жағдайға тап болған. 6 мамырда ол Теміртау қалалық ПБ Шығыс полиция бөліміне келіп, белгісіз адам пәтерге кіріп, шкафтан құны 145 мың теңге тұратын алтын зергерлік бұйымдарының ұрланғанын айтты. ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері келді. Олар оқиға орнын тексеріп, үйге кіретін есіктен де, терезелерден де бұзу және басқа да зақымдардың іздерін таппады. Бір нұсқасы – ұрлықты жәбірленуші білген адам жасаған. Және ол расталды.

11 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, жәбірленушінің үйінде қонақта болғанын пайдаланып, зергерлік бұйымдарға емін еркін қол жеткізіп, ұрлаған. Ұрланған құндылықтарды қаскүнем ломбардқа тапсырған, олар ломбардтан тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру