Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жігіт танысының телефонын ұрлап, шотынан ақша шешіп алған

Алматыда 23 жастағы жігіт танысының телефонын ұрлап, шотынан ақша шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті жәберленушінің телефонын ұрлап, банк қосымшасына заңсыз кіріп, ақшаны жымқырғаны анықталды.

– Ол гаджет пен ақшаны танысынан ұрлап кеткен. Тағы бір жолы күдікті өтіп бара жатқан адамнан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, мобильді қосымшасын ашып, ақшасын өз есепшотына аударып алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғарыда аталған ұрлықтарды жасаған адам ұсталды. Ол 23 жастағы Х.есімді азамат болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктінің екі эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. Осы деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, аталған қылмыстарға өзінің қатысы барын растады. Оған “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

– Ал біз жас жігіттің қалада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Істің толық және жан-жақты тергеуін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесінде қазіргі қылмыстық іс сотқа жолданатын болады, – деді Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру