Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда алкогольді ішімдікті асыра пайдаланған 124 адам есепте тұр

Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінде алкогольді ішімдікті асыра пайдаланған 124 адам есепте тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын сотталған адамдар тарапынан қайталанған қылмыстардың және алкогольдік масаң күйдегі қылмыстардың алдын алу мақсатында Орталық полиция бөлімі өтелмеген соттылығы бар және алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдармен жұмыс жүргізеді.

– Орталық полиция бөлімінің есебінде өтелмеген соттылығы бар 315 адам және алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын 124 адам бар. Профилактикалық есепте тұрған адамдар тұрғылықты жері бойынша тексеріледі, олармен қайталама қылмыс жасауға, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдалануға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, – деп хабарлады Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің бастығы Руслан Әуесхан.

Тәртіп сақшысы өтелмеген соттылығы бар адамдар түзету жолына түсуден бас тартқан жағдайда, полиция қызметкерлері сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныстар енгізетінін, сондай-ақ әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсыныстар енгізетінін атап өтті.

Туыстарының өтініштері, көршілерінің алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде асыра пайдалануға, алкогольдік масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзуға шағымдар келіп түскен жағдайда, учаскелік полиция инспекторлары мамандандырылған медициналық мекемеге алкогольге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеуге сотқа жіберу үшін материалдар дайындайды.

 – Тек өткен жылы ғана полиция өтелмеген соттылығы бар үш адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату талаптарын бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарды. Учаскелік полиция инспекторларының материалдары бойынша Павлодар қаласының соты сегіз адамға қатысты олардың тұрғылықты жері бойынша шектеулерді айқындай отырып, әкімшілік қадағалау орнатты, алкоголь тәуелділігінен емдеу бойынша облыстық орталыққа алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге 69 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, – деп атап өтті Руслан Әуесхан.

Полиция мас күйінде қылмысқа жол бермеу мақсатында Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына мас күйінде болған 6018 адам орналастырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны және ішкені үшін 1850 азамат жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 200-бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша  заңнаманы бұзғаны үшін 50 кәсіпкер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде екі жеке кәсіпкер алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясынан айырылды, ал 48 кәсіпкерге қатысты лицензия тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру