Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда болашақ тәртіп сақшылары патрульдік полиция қызметімен жақынырақ танысты

Павлодарда болашақ тәртіп сақшылары патрульдік полиция қызметімен жақынырақ танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында болашақ тәртіп сақшылары Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонына барып, күн сайын азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмысының ерекшеліктерімен ішкі қырынан танысты.

Қонақтарға таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, патрульдік полиция қызметінің негізгі бағыттары туралы айтылды. Нарядтардың бағыттардағы жұмысына, азаматтардың хабарламаларына жедел әрекет етуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

– Біз практикалық тәжірибемізбен бөлісіп, болашақ тәртіп сақшыларына қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ тәртіптің, жауапкершіліктің және күрделі жағдайларда жылдам шешім қабылдай білудің маңыздылығы жөнінде айтып бердік, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Нұрболат Әлиғожин.

Болашақ тәртіп сақшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, патрульдік полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі туралы түсінік алды.

Мұндай кездесулер жастарға мамандықтың ерекшелігін жақсырақ түсінуге және құқық қорғау органдарындағы қызметті саналы түрде таңдауға көмектеседі. Өйткені полицейдің жұмысы – ең алдымен адамдардың қауіпсіздігіне, заңдылық пен тәртіпке жауапкершілікпен қарау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру