Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда карантин режимін бұзған кезекті мекеме анықталды

Павлодар облысында полицейлер карантин режимін бұзған 421 бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша тексерісті жүзеге асыратын мониторингтік топтар өз жұмыстарын жалғастыруда.Топ құрамына әкімдік, СЭС өкілдері мен полицейлер енді. Тексерістер бизнес- құрылымдардың барлығы бірдей карантин талаптарын сақтамайтынын көрсетті. Солайша, рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Павлодар полицейлері Ә.Марғұлан көшесі бойында орналасқан кальян шегетін орындарының бірі жұмыс істеп жатқан фактісін анықтады.
Тексеріс барысында онда 30 адам болған, оның алтауы кальян шеккен. Осы кальян шеккен алты адамға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 441-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.Бұдан басқа, мекемеде келушілердің ішінде екі кәмелетке толмаған және осы мекемеде кальяншының көмекшісі болып жұмыс істеп жүрген жасөспірім болған.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түңгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 442-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін мекеме әкімшілігіне қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар, кальян шегу орындарының жұмыс істеуі бөлігінде карантин режимін бұзу фактісі бойынша қозғалған іс Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Кәсіпкерлер кальян шегу орындарының жұмысына карантин режимі кезінде тыйым салынған туралы біле тұра, өз қызметтерін жалғастырған. Кальян шегу орындарында жастар көп жиналады, сөйте тұра олар өздерінің және қоршағандардың өмірлерін қатерге душар етеді.

– Бұдан әрі мониторингтік топтардың рейдтері жалғасатын болады, барлық құқық бұзушыларға қатысты заңды шаралар қолданылады, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Арман Қаптаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру