Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Темекі сұрап, 30 мың теңгесін ұрлап кетті

Ертіс ауданы полиция бөліміне ауыл тұрғынынан оның үйінен 30 мың теңге сомасында ақшалай қаражат ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауданның жедел уәкілдері оқиға орнын қарап, үй иелері мен қонақтары сұрастырып, күдіктіні анықтады. Ол Ертіс ауылының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

– Жауап алу барысында ер адам сол күні таныстарына темекі сұрау үшін барғанын түсіндірді. Қожайындар қонақтарды алаңдатып жатқанда, ол ақшаны көріп, қалтасына салып кеткен, – деді полицейлер.

Ол өзінің әрекетін ақшаға мұқтаж екендігін, өз қажеттіліктеріне жұмсау үшін алғанын айтқан. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ертіс ауданының полициясы ескертеді: өз мүлкіңізге қырағы болыңыз, ақшалай қаражат пен бағалы заттарды көрнекті жерде қалдырмаңыз. Егер сіз заңсыз әрекеттің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға “102” немесе 2-11-02 телефонына хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру