Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: “Lexus” жүргізушісі әкімшілік кодекстің 6 бабы бойынша жауапқа тартылды

Алматыда “Lexus” жүргізушісі әкімшілік кодекстің алты бабы бойынша жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерді кеңінен бақылау тәжірибесін жалғастыруда.

https://www.instagram.com/tv/CDy8UdAnTxd/?igshid=fvt02ahb0gia

– Мотоциклистің тіркеушісіне “Lexus” көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, жолда өзін өте нашар ұстаған фактілері түсірілген.  Егер жолда жаяу жүргінші немесе кішкентай балалар да жүруі мүмкін деп болжасақ, бұл қылмыс.  Бақытымызға орай, ештеңе болмады.  Біздің қызметкерлер қылмыскерді тез анықтады.  Бұл – 1999 жылы туған А.есімді азамат.  Оған қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР ӘҚбК-нің 599-бабы 1-бөлігі бойынша екі хаттама, ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша екі хаттама, ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша екі хаттама. Сонымен қатар, жүргізуші жол ережесін бұзып, велосипед жолында қозғалыс жасағанын ескерсек, оның заңсыз әрекеттері ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.  Бақытымызға орай, бұл уақытта велосипедшілердің, самокатшылардың ешқайсысы велосипед жолымен жүрмеді, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру