Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда патрульдік полицейлердің жеке қауіпсіздігі күшейтілді

Ертіс өңірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жеке қауіпсіздік бойынша оқу-жаттығулар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша оқу-жаттығу өткізді.

Жаттығу барысында құқық бұзушыларды ұстау кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері пысықталып, қызмет барысында туындайтын түрлі жағдайларда тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін жауынгерлік тәсілдер жан-жақты қарастырылды.

Полиция қызметкері әрдайым жоғары дене дайындығында болып, кез келген жағдайға жедел әрекет етуі тиіс.

Мұндай сабақтардың басты мақсаты — төтенше және дағдарыстық жағдайларда қызметкерлердің сенімді әрі сауатты әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

Павлодар облысы ПД арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Ерик Төлегеновтің айтуынша, қызметкерлердің даярлық деңгейін арттыру — олардың қауіпсіздігінің және қойылған міндеттерді табысты орындауының кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру