Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сотталған азаматтар түрлі сала мамандарынан кеңес алды

Павлодарда сотталған азаматтар түрлі сала мамандарынан кеңес алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда өңірлік жұмыспен қамту орталығының өкілдері жеке сот орындаушысы, нотариаттық округтің нотариусы, көші-қон қызметкерлері және ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандар үшін ашық қабылдау өткізді.

– Көбіне сотталғандарда осы сала өкілдеріне сұрақ туындайды. Олар хат жазып, мекеме қызметкерлері сұрау жасайды. Кейде хат алмасу бірнеше айға созылады. Сондықтан мекемеде қабылдау күні ұйымдастырылды, – деді мекеме бастығы Қуаныш Койчубаев.

Ведомствода айтылғандай, сотталғандарда да қарапайым азаматтар сияқты мұра мәселелері, құжаттарды әзірлеу туралы, айыппұлдарды төлеу және талап арыздарын төлеуге қатысты сұрақтар туындайды. Мекемеде жазасын өтеп жатқандар арасында жеке құжаттары жоқ азаматтар да бар.

– Мен 32 жастамын. Менің жеке куәлігім жоқ, тек туу туралы куәлігім бар. Бостандықта құжатымның жоқтығына аса мән бермедім. Мұнда келгелі жеке құжаттың маңызды екенін түсіндім. Бүгін алғаш рет жеке куәлігімді қолыма алдым. Бұл үшін көші-қон және мекеме қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Енді босап шыққан соң жұмысқа орналасып, банктен шот аша аламын, – дейді сотталған Висилий.

Мекемеде мұндай форматта кездесу алғаш рет өткізілді. 50-ге жуық адам кеңес алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру