Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көлігін тротуарға қойған жүргізушіге айыппұл салынды

Павлодарда көлігін тротуарға қойған жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар аулалары тұрақ орындарына айналуы сирек кездесетін жағдай емес. Жол ережелерін елемеген жүргізушілер қалаған жерге көліктерін қояды. Осылайша, дұрыс емес жерде тұрған көлік басқа көліктер үшін де, үй тұрғындары үшін де қиындық тудырады. Сондықтан мұндай сипаттағы қоңыраулар көбінесе “102” операторының пультіне түседі. Сонымен қатар автокөлік иелері экологиялық нормалар мен стандарттар туралы ойламайды.

– Мысалы, 28 наурызда Павлодар қаласы Ломов көшесі бойынша сағат 17.00 шамасында Granta көлігінің 65 жастағы жүргізушісі тротуарға тұрақтаған. Жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру