Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда заңсыз граффитиге қарсы рейдтер жалғасуда

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Павлодар облысында құқыққа қайшы мазмұндағы граффити-жазбалардың таралуын анықтау және жолын кесу бағытында профилактикалық рейдтер жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтерге үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдардың өкілдері де тартылған. Бірлескен топтар қала аумағын аралап, заңсыз жазбалар мен жарнамалық материалдарды анықтайды. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қыркүйек айының басынан бері Павлодар қаласында үш профилактикалық рейд ұйымдастырылып, оның барысында қаланың түрлі аумақтары қамтылды. Тұрғындарға құқықтық және есірткіге қарсы сауаттылықты арттыруға бағытталған мыңнан астам ақпараттық буклет таратылды.

Полиция азаматтарды құқыққа қайшы мазмұндағы жазбалар мен жарнамаларды байқаған жағдайда полицияға хабарлауға шақырады. Уақтылы берілген әрбір хабарлама құқық бұзушылықтардың жолын кесуге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру