Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жүргізуші куәлігінен айырылған такси жүргізушісі анықталды

Павлодарда бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған такси жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заңсыз тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Н.Назарбаев даңғылы бойынша бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ВАЗ автокөлігін басқарған 33 жастағы такси жүргізушісін ұстады.

Ер адам таксопарктердің бірінде такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 612-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Сот шешімімен тәртіп бұзушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Жыл басынан бері тек Павлодар қаласында ғана полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған 136 жүргізушіні анықтады.

Павлодар облысында “Заңсыз тасымалдаушы” профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында құқық қорғау органдарының күзетшілері такси және қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 850 бұзушылықты анықтады. Ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 131 такси және қоғамдық көлік жүргізушісі жазаланды. Көлік құралын техникалық байқаусыз жүргізгені үшін 63 жүргізуші ұсталды. Апатты жағдай жасағаны үшін 8 такси жүргізушісі жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру