Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жыл басынан бері 80-ге жуық жүргізуші жол ережесін бұзған 

Павлодарда жыл басынан бері 80-ге жуық жүргізуші жол ережесін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарсы жолаққа шығу жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін елеулі бұзушылықтардың бірі саналады. Ережеге сәйкес, мұндай қасақана бұзушылық үшін жүргізуші 6 айға көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

– 2023 жылдың басынан бастап көлік құралын жолдың жүріс бөлігінде орналастыру, қарсы жолаққа немесе басып озу ережелерін бұзғаны үшін 80-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Мысалы, Павлодар қаласында Lada көлігін басқарған 45 жастағы жүргізуші Камзин көшесі бойында төрт жолағы бар автожолда қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігінің жағына шықты. Автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Енді жүргізушінің өз іс-әрекетін ойлауға көбірек уақыты болады, өйткені ер адам алты айға жүргізуші куәлігінен айырылады, – деді Павлодар облысы ПД қызметкері.

Полицейлер тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Балабақша, оқу орындары, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоғамдық көлік аялдамаларының жанында барынша мұқият болу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру