Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық патрульдік полицейлер 22 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Павлодарлық патрульдік полицейлер жыл басынан бері 22 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының басты міндеттері – қоғамдық жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу.

– Жыл басынан бері патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 22 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Полицейлердің қатысуымен 432 қылмыс ашылды, оның ішінде 206-сы “ізін суытпай” ашылды. Бұдан басқа, күн сайын ауыр дене жарақаттарының алдын алу және ескерту мақсатында полиция жасақтары мас күйінде автокөлікті басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Жылдың басынан бері осындай 369 жүргізушінің жолы кесілді, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.

Өткен тәулікте ғана полиция қызметкерлері 108 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде екі жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, 24-і қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, 39 жаяу жүргінші жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден кесіп өткен, 13-і маневр жасау ережелерін бұзған, тағы бес жүргізуші жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеген.

Қоғамдық тәртіпті бұзудың кезекті фактісі 1 қыркүйекте сағат 07.30-да анықталды. Н.Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайында патрульдеу кезінде полицейлер 31 жастағы жүргізушінің басқаруымен Lada 2190 маркалы автокөлікті тоқтатты. Куәландыру нәтижелері жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғанын көрсетті. Автокөлік айып тұрағына қамалды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды.

Осыған ұқсас факт 2 қыркүйекте сағат 01.25-те тіркелді, онда Всеволод Иванов көшесі, 81-де ВАЗ 2109 автокөлігі ұсталды, оның жүргізушісі торанспортты мас күйінде басқарған. Автокөлік айып тұрағына қойылды. 23 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру