Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тұрғын қылмыстық істі ашқан полицейлерге алғысын білдірді

Қарағандылық тұрғын қылмыстық істі ашқан полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды ​​облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллинге Қарағанды ​​қаласының тұрғыны О.Осинцевадан хат келіп түсті.

– Мен Қарағанды ​​қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығының орынбасары Әнуар Сәтбековке, тергеушілер Бексұлтан Болат пен Озария Шариповаға адамгершілігі мен кәсіби шеберлігі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олар менің ұлымды соққыға жыққандар бойынша қылмыстық істі тергеді. Тек жоғарыда аталған полиция қызметкерлерінің табандылығының арқасында қылмыстық іс сотқа берілді. Полиция қызметкерлерінің адал еңбектері үшін алғысым шексіз, – деп жазды қала тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру