Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек күні сағат 18.25-те “Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық” автожолында Шұбарқұдық ауылынан 89 шақырым жерде, Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны, “ВАЗ-2110” автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Шұбарқұдық кенті бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, автокөлік құралының қозғалыс бағыты бойынша оң жағына аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы алған дене жарақатынан көз жұмды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі байсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аймақтың бас полицейі Атығай Арыстановтың айтуынша, апаттар туралы статистика жол қозғалысына қатысушылардың барлығы бірдей өз қауіпсіздігіне мән бермейтіндігін көрсетеді.

Барлықтарыңызды жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, жол мәдениетін, өзара сенімділік және бір-біріне құрметпен қарауды сұраймыз. Есіңізде болсын, автомобиль жоғары қауіптің көзі болып табылады. Ережелерді елемеу қалпына келтірілмейтін салдарға әкелуі мүмкін.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Сізді үйіңізде жақындарыңыздың күтетінін ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру