Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жолда есірткі қолданған көлік жүргізушісін ұстады

Түркістан полицейлері жолда есірткі қолданған көлік жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне 102-сымтетігі арқылы Шардара АПБ-нің ЖПҚ ППТ қызметкерлері күдік тудырған «Опель Фронтера» автокөлігінде есірткіге ұқсас зат бар екендігі туралы хабарлаған. 

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Көрсетілген мекенжайға Шардара АПБ-нің қызметкерлері жедел жетеді. Содан соң полиция қызметкерлері күдіктіні орталық көшелердің бойынан ұстады.

Сондай-ақ көлікті тінту кезінде артқы жүк салғышынан пакетке оралған есірткіге ұқсас зат табылды. Табылған затты не екенін нақты білу үшін полицейлер сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысы бойынша, оның «марихуана» екені белгілі болды. Салмағы жеті грамға жуық. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тәртіп сақшылары анықтауда. Бүгінде орта жастағы күдікті азамат қолхатта.

Түркістан облысы полиция қызметкерлері есірткі затын тасымалдау немесе сақтап сату заң жүзінде жауапқа тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру