Павлодарлық полицейлер ұрылардан сақтану жолдарын ұсынады
Павлодар облысында бірнеше ұрлық фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы уақытта қаскүнемдер бөтен біреудің үйіне заңсыз кірудің жаңа тәсілдері мен меншік иелерінің осал тұстарын табуда.
Мысалы, бірнеше күн бұрын Павлодар қаласының полициясына жергілікті тұрғын жүгінген. Ол белгісіз біреудің пәтерінен куртка мен тамақ ұрлағанын айтты. Қаскүнемнің жәбірленушінің терезелерінің ұрлыққа қарсы арнайы элементтермен қорғалмағанын пайдаланып, ұрлық жасағаны белгілі болды.
– Жедел әрекеттердің нәтижесінде полиция қызметкерлері иелері үйде болмаған кезде, пластикалық терезені сығу арқылы жәбірленушінің пәтеріне кіріп, ер адамның күртешесін ұрлап, тоңазытқыштан тамақ алып кеткен күдіктіні анықтады. Ұры ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Сонымен бірге, полиция қызметкерлері пластикалық терезелерді сығымдау арқылы ену пәтер ұрлықтарының ішінде ең кең таралған әдіс екенін айтты, төменгі қабаттардағы пәтерлердің пластикалық терезелері қолжетімділігіне байланысты ұрылар үшін оңай олжаға айналады, сондықтан меншік иелері тұрғын үйді ұрлыққа қарсы құрылғылармен қамтамасыз етуі керек.
Екібастұздағы қаскүнемдер бөтеннің мүлкінен пайда табудың басқа тәсілін қолданған. Кіру есігінің аспалы құлпының металл ілмегін үзу арқылы олар сауда орталықтарының бірінің қоймасына кірген. Мұнда олардың назарына құрылыс құралдары ілінген. Меншік иесіне келтірілген залал 100 мың теңгеден асқан.
Криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстады, аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына өз мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият қарауды ескертеді, сондай-ақ тұрғындарға ұрылардан сақтану үшін кіреберіске берік есік орнату, терезелерге тор немесе бұзуға қарсы құрылғы орнату қажет. Қауіпсіздік дабылы да зиянкестердің үйге кіруінен қорғайды.