Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер заңсыз алкоголь өнімін сақтаған тұрғынды анықтады

Павлодарлық полицейлер заңсыз алкоголь өнімін сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Успен ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатыны белгілі болды.

– Ағымдағы жылы 9 маусымда сағат 18:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінен 0,5 литр көлемдегі құрамында спирті бар сұйықтықты рұқсат құжаттарынсыз сатқаны анықталды, – деді Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов.

Қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабы (Кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді жүзеге асыру) бойынша шешім қабылданатынын атап өтті.

Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан аумағында полиция қызметкерлері кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысуға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың бес фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру