Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару” іс-шарасы: қызылордалықтан заңсыз сақталған мылтық тәркіленді

Қызылордалықтан заңсыз сақталған мылтық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлерімен “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бір қатар жұмыстар жүргізілуде. Тасбөгет полиция бөліміннің есебінде 390 атыс қаруы тіркелген. Тіркелген атыс қару егелерінің тұрғылықты мекен жайынан сақтау заңдылығы бойынша 270 қару иесінен 343 қару тексеріліп, 27 қаруды анықтау үшін тексеру жұмыстары жалғастырылуда.

Тексеру барысында ҚР ӘҚбК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) біреуіне, 484-бабымен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) – сегіз адамға, 486-бабымен (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) – бір тұрғынға сақтау ережесін бұзған үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынып қарулары уақытша тәркіленді.

Сонымен қатар ішкі істер органдарында тіркелмеген бір қару анықталып,  әкімшілік хаттама рәсімделіп, шара көру үшін аудандық сотқа жолданды.

Шара барысында полиция қызметкерлері Тасбөгет кентінде қала тұрғынын тексеру барысында ақ түсті полиэтилен пакетінен екі ұңғылы нөмірі жоқ шолақ мылтық алып жүргені анықтады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (Атыс қаруын, тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру