Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан бері 350-ге жуық мас халде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Түркістан облысында жыл басынан бері 350-ге жуық мас халде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жайында полиция полковнигі Алмас Тастанбеков жеткізді. Өздеріңізге белгілі Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы әр аптаның жұма күні брифинг өткізілуде. Онда ПД-нің әрбір салалық құрылым басшылары тікелей эфирге шығып, өздерінің басқарма, бөлім қызметкерлерімен атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларын ашық, әрі нақты айтып өтуде. Осы аптадағы брифингтің тақырыбы: “Құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу және мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жазаны күшейту туралы”. Ал қонақ ретінде Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмас Тастанбеков келді.

Іс-шара кезінде облыс тұрғындарына жол қозғалысы ережесін сақтау керектігі түсіндірілді. Тікелей эфирді 200-ге жуық желі қолданушылары қарады.

Полиция полковнигі А. Тастанбеков өз сөзінде:

– Түркістан облысы ПД құрылымдарымен 300 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 122 мыңы автоматты түрде зияткерлік жүйе арқылы белгілі болған. Оларға 2 млрд-қа жуық айыппұл салынған. Жалпы айта кететін жағдай, әрбір құқық бұзушылық жайлы сол азаматтың өзіне тиесілі ұялы телефон нөмеріне СМС-хабарлама ретінде жіберіледі. Сондай-ақ осы бейнебақылау камераларының саны артуда, нақтырақ айтсақ түрлі құқық бұзушылықтарды айнықтайтын камералардың саны 21-ден 80-ге артты. Ал жыл басынан бері мас халде көлік басқарғандардың саны 347. Олардың ішінде 250-ге жуық жүргізуші көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Ішімдік ішіп көлік тізгіндеген 304 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Жаза қатаңдатылғанымен оны елемей, өрескел ереже бұзатындар жетерлік. Осы сәтті пайдалана отырып, жол қозғалысы ережесін сақтаңыз, жылдамдықты асырмаңыз, жол ережесін бұзбаңыз!, – деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру