Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жақындарына алғыстарын білдірді

Павлодарлық полицейлер жақындарына алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық полицейлер Алғыс айту күні қарсаңында ата-аналарына, тәлімгер – ардагерлері мен ұстаздарына алғыстарын білдірді.

– Бұл күні мен барлық туыстарыма, әріптестеріме және достарыма алғыс айтамын. Бірінші кезекте мен анам Сұлтанова Гүлсім Баязитқызын құттықтадым. Анама өмір,тәрбие, оқуым үшін және қызметтен кейін мені күтіп қамқорлық жасағаны үшін ризашылығымды білдірдім. Мен үшін анам әрқашан менің өмірімдегі ең жарқын, мейірімді және маңызды адам, – дейді Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Еламан Баязитов.

– Бұл күні біз, ата-аналарымызға ғана емес, ардагер тәлімгерлерімізді де ұмытқан жоқпыз.  Александр Рей ішкі істер органдарында қызмет етіп, патрульдік полиция батальонының бірінші командирі лауазымында қызмет атқарды. Оның тәжірибесі мен білімі біз үшін жас полицейлер үшін өте құнды. Құрметті демалысқа шыққанына қарамастан, ол өзінің дағдыларын жастармен бөлісуді жалғастыруда, – дейді Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының полицейі Иван Миронович.

– Бүгін біз Қазақстанда тұратын барлық азаматтарға өзара түсіністік пен қонақжайлылық, ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға ұмтылысы үшін алғыс айтамыз.

Бүгін мен ұстазыма алғысымды айттым. Мен үшін ұстаз-менің тағдырымдағы таптырмас адам. Мен мектепте және жоғары оқу орнында қасымда болған ұстаздарды ешқашан ұмытпаймын. Ұстазым Әлия Маусымбековаға ерекше алғысымды білдіремін, ол кез келген сәтте кеңес беріп, адамды қолдай алады, – деп бөлісті Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының полицей – кинологі Әділ Амангелді.

– Мерекенің басты мақсаттарының бірі-өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен төзімділікке, патриотизмге тәрбиелеу. Басшылық пен қызметкерлер барлықтарын мерекемен құттықтап, алғыстарын білдіреді. Бұл күні қазақ халқының мейірімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтылады, – деп атап өтті полицейлердің өздері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру