Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді
Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы іс-шараларды өткізу кезінде Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткінің ірі партиясын жасырын жерлер арқылы таратуға күдікті өңірдің 22 жастағы тұрғынының қылмыстық әрекетін тоқтатты.
Іс-шаралар барысында полицейлер интернет арқылы шағын пакеттерге оралған есірткі заттарын сатқан және Павлодар аумағындағы жасырын жерге орналастырған қаскүнемнің жеке басын анықтады.
Ұстау кезінде жас жігіттен ақ түсті ұнтақ заты бар 5 бума табылып, тәркіленді.
Тұрғылықты жері бойынша күдіктіден есірткі заттары салынған пакеттер, сондай-ақ оларды буып-түюге арналған заттар тәркіленді.
Сараптама нәтижелері бойынша ұсталған адамнан ең қауіпті & – PvP синтетикалық психостимулятор тәркіленді, оның жалпы салмағы 1,4 келіден асады, бұл аса ірі көлем болып табылады. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасылмалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, басқа адамдардың қылмыстық әрекетке қатысы бар екені анықталып жатыр.
– Күдіктіні ұстаудың алдында қажырлы жұмыс қажет, кейде ол өте ұзаққа созылады, қызметкерлер адамның есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екенін дәлелдеу үшін бірқатар іс-шаралар өткізеді, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Айыпталушының санкцияларында көзделген ең ауыр жаза мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны білдіреді.