Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер мал ұрлығы фактісінің 11 дерегіне қатысы бар сыныптастарды ұстады

Түркістандық полицейлер мал ұрлығы фактісінің 11 дерегіне қатысы бар сыныптастарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның қорасына ұры түсіп, 2 бас қойын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіні ұстап, қылмысты ашу бағытында қажетті шараларды жүзеге асырды. Полицейлер қылмысты жасаған күдіктіні бірнеше тәулік ішінде ұстады. Ол жұмыссыз, бұрын сотты болған жас жігіт болып шықты.

Тергеу барысында күдікті өзінің сыныптасымен бірге 2022 жылдың желтоқсан айында тағы басқа да тұрғындардың малдарын ұрлағандарын мойындады. Осы ақпарат бойынша бұрын сотталған екінші күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

Анықталғандай, сыныптас екеу жайылымда қараусыз жүрген малдарға көздері түсіп, жалпы 7 бас сиыр мен 2 жылқыны ұрлаған. Содан бөтеннің малдарын көрші ауылға апарып, сатып жіберген. Ал ірі қара малдары ұрланған тұрғындар, полицияға мүлдем арызданбаған.

Қазіргі таңда ұсталған екеудің 3,5 млн теңге болатын 11 жайт мал ұрлығына қатыстылығы айқындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру