Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында өзгенің жылқысын ұрлаған малшы анықталды

Абай облысында өзгенің жылқысын ұрлаған малшы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілде күні Аягөз ауданы ПБ-ға 55 жастағы әйел хабарласып, ағымдағы жылдың ақпан айында Майлин ауылдық округіннен еркін жайылымнан 1 бас жылқының ұрланғанын айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, малды ұрлады деген күдікке ілінген 55 жастағы Ш/Қ бірінің малшысы ұсталды. Іс бойынша жауап алу барысында күдікті мойындау айғақтарын берген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері азаматтарға қырағы болып, төрт-түлігін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мал иелері жайылымға малдарын қараусыз жібермей, бақташы жалдап, сондай-ақ үй малын таңбалауды және сырғалауды ұмытпау керектігін ескертеді. Мүмкіндігінше өзінің қора-жайларын сенімді қоршаулармен бекітіп, жарықтандыру қажет.

Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда, дереу полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз. Бұл қылмысты ізін суытпай ашуға және күдікті адамдарды жедел ұстауға өз септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру