Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері арнайы көліктерге жол бермеу фактілерін анықтау бойынша рейд жүргізіп жатыр

Петропавл полицейлері қозғалыс кезінде арнайы көліктерге жол бермеу фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көшелерде жарқылдауық маяктары мен сигналдық дыбыстары қосылған арнайы автокөліктерге басымдық беру – жол қозғалысының барлық қатысушыларының міндеті. Жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктерінің еш кедергісіз әр қоңырауға уақытылы жетуі адам өмірін аман алып қалып, шұғыл көмекке мұқтаж адамның денсаулығын тексеруге көмектеседі.

Қозғалыс қатысушыларының тәртібін арттыру үшін Петропавл полицейлері медицина қызметкерлерімен бірлесіп, жедел жәрдем көлігіне жол бермейтін жүргізушілерді анықтау бойынша үнемі рейдтер жүргізіп тұрады. Түскі уақытта облыс орталығының көлік қозғалысы көп көшелерінде бір жарым сағаттай сиренасы мен жарқылдауық маяктары қосылған жедел жәрдем көлігі жұмыс істейді.

– Тоғыз күн ішінде бұзушылықтар тіркелген жоқ. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арнайы көліктерге жол беруде. Өткен жылдары өткен рейдтік іс-шараларда бірқатар жүргізуші анықталған. Осындай кенеттен болатын тексерулер алдағы уақытта да жалғасатын болады, – дейді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Арман Әйтеев.

Тәртіп сақшылары ескерткендей, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 6-тарауына сәйкес, қозғалыстың басқа қатысушыларының алдында басымдық алуы үшін жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналы қосылған жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындауға бара жатқанда басымдыққа ие. Осындай көлік құралдарына жол бермей, талапты елемеген автокөліктердің жүргізушілері 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Өткен жылы Петропавлда арнаулы көліктердің қатысуымен – 3, биыл бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер қозғалыстың барлық қатысушыларынан жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру