Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері интернет-алаяқтықтың жаңа түрі жайлы ескертеді

Петропавл полицейлері интернет-алаяқтықтың жаңа түрі жайлы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөліміне WhatsApp мессенджеріне келген сілтемесі бар күмәнді хабарлама алғаны жайлы қала тұрғынынан өтініш келіп түсті. Хабарламада Halyk bank-тің 98 жылдығына орай өткізіліп жатқан акция деп жазылған. Әр қазақстандыққа сілтемені таратқан авторлар 50 мың теңге ақша төлейміз деп уәде еткен. Ақшаны алу үшін жіберілген сілтемеге өту керек екен.

– Аталған сілтеме сауалнамасы бар веб-парақшаға әкеледі. Жеке деректерін жария ете отырып, сенгіш желі қолданушылары бөгде адамға өз қаражатына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін түсінген жөн. Банк өкілдері өткізіліп жатқан акция туралы ақпаратты теріске шығарды. Айта кететін болсақ, әлеуметтік желілерде осыған ұқсас сілтемелерді кездестіруге болады, олардың авторлары да Covid-19 пандемиясының жұмыспен қамтылуға әсерін жеңу үшін 50 мың теңге төлейміз деп уәде береді, — дейді Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Бұдан бөлек, полицейлер қазіргі заманғы алаяқтар күдікті сілтемелерді жиі қолданады, оған өту аса қауіпті компьютер мен мобильді құрылғыны зиянды вирустардың зақымдау қаупі бар, соның салдарынан алаяқтар мобильді банкингті басқаруға мүмкіндік алады. Тәртіп сақшылары барлық адамдардан интернетте сақтық танытуға, жылдам пайда табу туралы уәделерге сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және оларды басқаларға таратпауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру