Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Қала аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – қызмет ететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ, халық арасында ішкі істер органдарының имиджін және беделін жоғарылату.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарда орналасқан көп қабатты және жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтайды. Сонымен қатар, өздерінің визит карточкасын таратып, көп қабатты үйлердің кіреберістерінде, дүкендерде, мемлекеттік мекемелерде, ПИК ғимараттарында, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, көңіл көтеру орындарында ақпараттық парақшалар ілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында жалдамалы пәтерлерге тексеру жүргізіліп, 264 тіркеусіз жалға берілетін пәтер анықталды және Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарланды. Базарларда және басқа да сауда орындарында 250 рейд жүргізілді.

Нақты тұрғылықты жері жоқ 197 адам ұсталды, алкогольдік ішімдіктер ішкені және мас күйінде қоғамдық орындарда болған 12 жасөспірім және заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған 41, қоғамдық тәртіпті бұзған 92 кәмелетке толмаған бала анықталды.

Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған екі мыңнан астам адам тексерілді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 9155 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру