Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласында ұстады

Петропавл полицейлері іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны өткен жылдың күзінде жасалған мүліктік қылмысқа қатысы бар деп күдіктелді. Тергеу органының шақыруы бойынша қолында келу туралы міндеттеме бола тұра, ол сот төрелігінен жасырынбақ болды. Ер адамға іздеу жарияланды. Петропавлдық жедел уәкілдер оның Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтады. Қызметтік іссапар барысында астаналық әріптестерінің көмегімен іздеудегінің таныстарын, ол болуы мүмкін жерлерді тексерді. Екі күннің ішінде күдіктінің жүрген жері анықталды. Тәртіп сақшылары оны Петропавлға жеткізді. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс бойынша материал сотқа тапсырылды.

– Қылмыскерлерді іздестіру – жұмыстың негізгі бағыттарының бірі. Оның тиімділігі – қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыру шарттарының бірі. Жыл басынан СҚО-да төрт қылмыскерге – екеуі пробация бағыты, біреуі бұзақылық және тағы біреуі ұрлық жасағаны үшін іздеу жарияланды. Оның үшеуі табылды. Сонымен қатар, өткен жылдан іздеудегі екі қылмыскердің жүрген жері анықталды, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру