Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері төлем терминалын бұзды деген күдіктіні ұстады

Петропавл полицейлері төлем терминалын бұзды деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтар күні техникалық маман Петропавлдағы сауда үйлерінің біріндегі төлем терминалынан ақша қаражаттарын алуға келген кезінде автоматты бұзу фактісін анықтап, сол сәтте полицияға хабарлаған. Қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, күдіктіні анықтады. Ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімде есепте тұрған 15 жастағы жасөспірім болып шықты. Қазіргі уақытта ол ата-анасының кепілдігімен үйіне жіберілді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Жасөспірім мүліктік қылмысты алғашқы рет жасап отырған жоқ, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов. – Қазіргі уақытта ювеналдық полиция қызметкерлері оны девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберуге материалдар жинап жатыр. Өткен жылы СҚО бойынша жасөспірімдермен 24 қылмыс жасалды. Олардың басым бөлігі – мүліктік. Жыл қорытындысы бойынша төрт жасөспірім арнайы білім беру ұйымдарына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру