Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Масаң күйдегі петропавлдық жүк көлігін мініп кеткен

Масаң күйдегі петропавлдық жүк көлігін мініп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығының 65 жастағы иесі полицияға арыз жазды. “DAF” жүк көлігінің жүргізушісі тіркемесінің доңғалағын жөндеп жатқанда, кенетте көлік орнынан қозғалып кеткен. Көліктің кабинасында бөтен адам отырған. Кәсіпорынның жүргізушісы мен күзетшісі қаскөйді ұстап қалады, ол жақын тұрған “Mazda” автомашинасына соғылған. Оқиға орнына шақырылған полицейлер күдіктіні ұстады, ол бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол алкогольдік масаң күйде болған. Оның айтуынша, жүк көлігінің кабинасына кіріп, жылынбақ болған. Одан әрі істеген әрекеттеріне жауап таппады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұдан басқа, күдікті жүргізу құқығы жоқ адам жасаған масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты міндетті түрде келу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың айтуынша, бұл жыл басынан облыста көлік құралын заңсыз иемденудің екінші фактісі. 2020 жылы осындай 85 факті тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру