Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жыл басынан 18 саяжай ұрлығын ашты

Петропавл полицейлері жыл басынан 18 саяжай ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саяжайшылар маусымы аяқталды, саяжай қауымдастығында адамдар азайған. Осы кезде ұрлық жасаудың қаупі арта түседі. Өткен аптада Спутник саяжай қауымдастығындағы үйін жабуға ұмытып кеткен иесі полицияға жүгінген, белгісіз қылмыскер осыны пайдаланып, тұрмыстық электр құрылғыларын олжалаған.

Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні бірнеше күннен соң тапты. Ұрланған заттарды сатып алған тұлғалар да анықталды. Мүлкі иесіне қайтарылатын болады. Дүйсенбі күні Легенда саяжай қауымдастығында ұрлық жасауға оқталған, үйлердің бірінің құлпын бұзып үлгерген күдікті “ізін суытпай” ұсталды.

– Әдетте қылмыс жасалған сәт пен полицияға хабарлаудың арасында біраз уақыт өтеді, бұл саяжайда орын алған ұрлықтарды ашуда қиындық туғызады, – дейді Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин. – Осыған байланысты саяжай иелерін бөтен адамдарға көңіл аударуларын, сондай-ақ саяжай қауымдастығында күзетті ұйымдастыруға шаралар қабылдауларын сұраймыз. Саяжайда бағалы заттарды, құрал-жабдықтар мен металл заттарды тастамаған жөн, көбінесе осы заттар қаскөйлердің олжасына айналып жатады. Мүмкіндігінше мықты есік пен терезе орнатып, құлыптаған дұрыс.

Жыл басынан Петропавлда саяжай учаскелерінен 40 ұрлық жасалған, бүгінгі күні оның 18-і ашылды, тағы 14-і өндірісте.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру