Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддерде көлік басқарған мас жүргізуші ұсталды

Риддерде көлік басқарған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында полиция қызметкерлері Риддер қаласы көшелерін патрульдеу кезінде жол ережесін өрескел бұзған “Toyota” маркалы автокөлігін байқаған, алайда жүргізушісі көлік құралын тоқтату туралы полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, керісінше жылдамдықты арттырып, жасырынбақ болған, нәтижесінде көлік тоқтатылды.

Тексеру кезінде көлікті басқарған 36 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды құжаттарды тексеру кезінде одан алкогольдің өткір иісі шығып тұрған. Куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушіде орташа ауырлықтағы алкогольдік масаңдықты көрсетті.

Жүргізуші екі жыл бұрын көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылғаны анықталды.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Аталған факті бойынша ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды – “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы”, оның санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру